ТМККК шеңберінде көрсетілетін қызметтер түрі: Алматы қаласының 15 жасқа дейінгі тұрғындарына көрсетілетін шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек. Соның ішінде, тістерді жұлу мен препараттау және химиялық қатқылданған композиттық заттардан тіске бітеме салу, сонымен қатар 18 жасқа дейінгі балаларға арнайы аппаратты қолдану арқылы жақ пен тістің ауытқуларын ( ортодонттық тілім) болдырмайтын, оның алдын алатын және жақ - бет аймағындағы туа біткен ауытқуларға ортодонттық көмек көрсету қарастырылады.
ШЖҚ МКК «Балалар стоматологиялық емханасы» туа біткен және тұқым қуалайтын жақ – бет ауытқулары ауруларының орталығының қызметін атқарады. Аталмыш емханада ТМККК аясындағы туа сала пайда болған ауытқулар бойынша және Қазақстан Республикасының 15.12.2009 жылғы № 2136 және өзгертулер енгізілген 15.12.2010 жылғы № 1363 Қаулысына сәйкес туа біткен жақ-бет аймағындағы ауытқулары ( туа біткен таңдай мен ерін жырығы) бар балаларды емдеу, оңалтулар мен түрлі ақыл – кеңестер жүргізіледі.
Алматы қаласы ТМККК шеңберінде 2018 ж балаларға стоматологиялық көмек көрсету
|
Мекеменің атауы, мемлекеттік тапсырысты орындайтын |
Тіркелген (қызмет көрсетілетін) тұрғындар |
ШЖҚ «Балалар стоматологиялық емханасы» МКК |
ҚЕ № 1,2,3,5,6,10,15,16,17,18,30,31, 33 ҚЕ «Больница Алатау» ЖШС «Open clinic» ЖШС«Smart health university city» ЖШС «Maksat MeД» ЖШС «Health Guard» ЖШС«СУНКАР 2» ЖШС«СУН-АР 2 ЕМХАНАСЫ» |