Кәсіби әдеп, мінез-құлық Кодексі

 

 

Алматы қаласының

Денсаулық сақтау басқармасының

шаруашылық жүргізу құқығындағы

«БАЛАЛАР СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ  ЕМХАНАСЫ»

мемлекеттік коммуналдық

кәсіпорны

 

 Управление здравоохранения г.Алматы

Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения

«ДЕТСКАЯ СТОМАТОЛОГИЧЕСКАЯ ПОЛИКЛИНИКА»

 

 

 

 

«БЕКІТЕМІН»

ШЖҚ МКК «Балалар  стоматологиялық

емханасының» бас дәрігері                                                                                                          ______________Б.С. Мұсаев

«____»________________2016ж.

 

 

 

 

Кәсіби әдеп, мінез-құлық  Кодексі

 

 

К І Р І С П Е

 

ШЖҚ МКК «Балалар стоматологиялық емханасы» медицина  қызметкерлерінің  кәсіби әдеп, мінез-құлық  Кодексі (ары қарай Кодекс)  құжат болып табылады. Емханадағы медициналық қызметкерлердің  әдеп нормалары мен принциптерінің жиынтығын анықтау кәсіби түрде  медициналық қызмет ету барысында жүзеге асырылады. Аталмыш Кодекс,   ҚР-ның «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» медицина және фармацевтика саласындағы қызметкерлердің   ар-намыс Кодексінің №84 бабы негізінде  жасалған. Осы ереже, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің, қоғам мен емделушілердің  ара – қатынасын, сонымен қатар, адамгершілік, ар-намыс пен құқық және жеке тұлғалардың, яғни жалпы алғанда қоғам денсаулығының өзара қарым-қатынасын анықтайды. Сонымен бірге, ШЖҚ МКК «Балалар стоматологиялық емханасы» қызметкерлерінің  қоғам алдындағы  атқарған қызметіне  байланысты, олардың  жоғарғы  моралдық жауапкершілігін анықтайтын болады.

 

 

 

 

 

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

 

ШЖҚ МКК «Балалар стоматологиялық емханасы» медициналық қызметкерлерінің  кәсіби әдеп, мінез-құлық  Кодексі медицина қызметкерлерінің азаматтар мен жалпы қоғам алдындағы  өз қызметтерінің моралдық жауапкершілігін  анықтауға көмектеседі.

 

КӘСІБИ  ҚЫЗМЕТ  МАҚСАТЫ

 

Медицина  қызметкерлерінің  қызметіндегі  ең басты, ең негізгі   мақсат – ол, адам өміріне араша болу, адам өмірін сақтап қалу, сонымен қатар, денсаулықты сақтау жөніндегі  іс-шараларды өткізу,    стоматологиялық көмек көрсетудің барлық түрлеріне: диагностикалық, емдік, алдын-алу, сауықтыру түрлері бойынша сапалы стоматологиялық көмек көрсету болып табылады.

 

ҚЫЗМЕТ ЕТУ ҚАҒИДАЛАРЫ

 

 

ШЖҚ МКК «Балалар стоматологиялық емханасының» медицина қызметкерлері өз жұмыстарында  Қазақстан Республикасының  азаматтарының денсаулығын сақтаудағы және   медициналық көмек алудағы құқығы, дәрігер анты мен адамгершілік және қайырымдылық жасау мен мейірімділік көрсету сияқты бөлімдерден тұратын Қазақстан Республикасының  заңнамасын басшылыққа ала отырып  қызмет етеді.

 

Медицина қызметкері мына төмендегі моральдық және  әдеп     қағидаларына сай болуы тиіс.

 

  1. медицина қызметкері - кез-келген азаматқа, оның ұлтына, түріне, әлеуметтік жағдайына, мәртебесіне, сонымен қатар олардың діни, саяси көзқарастарына қарамай стоматологиялық көмекті көрсете білуге міндетті.
  2. медицина қызметкері - Ар-намыс Кодексі мен осы нақты Кодекске сүйене отырып Қазақстан Респбликасының барлық азаматтарының денсаулығын жақсартуға септігін тигізуге міндетті.
  3. медицина қызметкері шығарылатын шешімді емделушілердің ынта – ықыласына, пайдасына шешуге, сонымен бірге, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау қызметкерінің медициналық жоғары лауазымы мен  атағына сенімсіздік тудыруға немесе беделін түсіруге жол бермеуге міндетті.
  4. кез-келген медицина қызметкері өзінің жұмысындағы қызмет міндеттерін сапалы және адал ниетте орындауға міндетті.
  5. медицина қызметкерлері өздерінің кәсіби білімдерін үздіксіз жетілдіріп отыруға міндетті.
  6. медицина қызметкерлері өзінің жеке бас пайдасын көздемеуге, өзін –өзі жарнамаламауға, сонымен бірге алдын-алу мен емдеу құралдарын жеке мүдде тұрғысында пайдалануға  жол бермеуге міндетті.
  7. медицина қызметкерлері - еңбек тәртібін мүлтіксіз орындауға міндетті.
  8. медицина қызметкерлері - емхананың мүліктерін тиімді пайдалануға міндетті.
  9. медицина қызметкерлері - жемқорлыққа жол бермеуге міндетті.
  10. медицицна қызметкерлері - қызметтік ақпараттарды пайдақорлықпен немесе басқа да жеке мақсатта пайдалануға жол бермеуге міндетті.
  11. медицина қызметкерлері - ұжымда жеке  - дара үлгі бола алатындай жағымды және моралды-психологиялық жағдай тудыра білуге міндетті.
  12. медицина қызметкерлері – басқа медицина және фармацевтика қызметкерлері тарапынан ар – намыс Кодексінің нормаларының бұзылуы мен ауытқуларын болдырмауға міндетті.
  13. медицина қызметкерлері – қызмет бабында арнайы белгіленген киімді киіп жүруге міндетті.

 

ЕМДЕЛУШІЛЕРМЕН ҚАРЫМ – ҚАТЫНАС

 

ШЖҚ МКК «Балалар стоматологиялық емханасы» медицина  қызметкерлерінің басты  міндеттері:

  • емхана емделушілерінің құқықтарын сыйлауға, ар-намысының аяққа тапталмауына, олардың жас ерекшелігіне, ұлтына, азаматтығына, сенім-нанымына, тегіне, әлеуметтік – тұрмыстық жағдайына, лауазымына қарамай, медициналық көмекке мұқтаж жандарға  көмек көрсете білуге міндетті.
  • кез-келген адамға медициналық көмек қажет болғанда көмек көрсетуге міндетті.
  • адам өмірін сақтаудағы өз міндеттерін әр уақыт есінде ұстауға міндетті.
  • еліміздегі денсаулық сақтау жүйесіне деген азаматтардың сенімін нығайтуға үлес қосуға міндетті.
  • емделушілерге қатысты қаржы мәселесі мен бопсалаушылыққа жол бермеуге міндетті.
  • қоғам тарапынан қайшы келетін сыни көзқарасты болдырмау үшін, өз жұмыстарына шыдамдылық танытуы керек, ал егер келеңсіз жағдайлар орын алған тұста, осы сынды пайдалануына әбден болады.

 

Әріптестер арасындағы қарым –қатынас  туралы

 

Денсаулық сақтау қызметкерлері өз әріптестерімен  қарым – қатынас кезінде мына нәрселерді  есте сақтауға міндетті:

  1. жалпы қабылданған моралды-этикалық нормаларды сақтауға, сыпайы, әдепті, биязы болуға міндетті.
  2. Адал ниетпен айтылған көмектен бас тартпауға және емделушілердің мүддесіне қатысты жағдайда әріптестердің ақыл-кеңесіне құлақ қоюға;
  3. Көпшілік алдында әріптестеріңіздің кәсіби біліктілігіне күмән келтірмеуге;
  4. Қазақ медицинасының дәстүрлерін жаңғырту мен жетістіктерін арттыра түсуге міндетті.

 

ШЖҚ МКК «Балалар стоматологиялық емханасының» медицина  қызметкерлері  өз біліктілігіне, білімі мен тәжірибесіне сүйене отырып, азаматтардың денсаулығын сақтау барысында оларға көрсетілетін қызметтің сапалы және ең жоғары деңгейде болуын қамтамассыз етуге міндетті.

         ШЖҚ МКК «Балалар стоматологиялық емханасының» медицина  қызметкерлеріне  емделушілерді сапалы және  қауіпсіз  медициналық көмекпен қамтамассыз ету кезінде, олардың  өз біліктілігіне,    қызметтік нұсқаулық пен  қызметтік міндеттемелерге сай болуына байланысты  жауапкершілік жүктеледі. ШЖҚ МКК «Балалар стоматологиялық емханасының» медицина  қызметкерлерінің моральдық  міндеті: бірлескен медицицналық  ортада тазалықты сақтауға, әріптестерінен кеткен қателік  пен  өзі жіберіп алған қателіктерді екі жақты етіп саралап талдауға, сонымен қатар, өз жұмысының қыр – сырын жете білмейтін, біліксіздеу әріптестерінің дағдысы мен тәжірибесі негізінде емделушілердің  денсаулығына зиянын тигізетін жағдайларға тосқауыл бола білуге міндетті. Медицина саласы мен әлеуметтік  сала қызметкерлерінің  қоғамдағы басты рөлінің не екенін ескеретін болсақ, онда, олардың   біріншіден салауатты өмір салтын насихаттаушы, қолдаушы, қоғамдық іс-шараларға қатысушы бірден-бір тұлға екенін білеміз.

 

 

 

 

 

  1. БӨЛІМ. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЖАМАН ҚЫЛЫҚҚА БОЙ АЛДЫРМАУ ІС -  ӘРЕКЕТТЕРІ

 

1.Медицина қызметкерлері өз жұмысында  білімі мен қызметін теріс жолда асыра пайдалануға жол бермеуіне тиіс.

Денсаулық сақтау қызметкері мына жағдайларда:

  • Адамгершілікке жат, қайшы келетін мақсатта өз білімі мен мүмкіншілігін пайдаланған жағдайда;
  • Еш негізсіз медициналық шараларды қолданған   немесе оларды қолданудан бас тартқан жағдайда;
  • Емделушіні жазалау мақсатында қолданылған медициналық әдіспен ықпал ету, сонымен бірге үшінші жақтың мүддесін көздеген жағдайда;
  • Емделушіге өзінің діни, саяси, философиялық көзқарастарын, пікірін ықтиярсыз  тықпалауға тырысқан жағдайда;
  • Емделушіге өз тарапынан әдейі емес, байқаусызда келтірілген материалдық, физикалық  зиян-залалы үшін немесе үшінші жақтың осындай іс-әрекетіне бейқамдық танытқан  жағдайда;
  • Емхана қызметкерінің жеке басының қате түсінігінің салдарынан  және тағы басқа кәсіби себептер емдеу іс-шараларына еш кедергісін тигізбеуге;
  • Емделушінің ұсынылған ақылы медициналық қызметтен бас тартуы, медициналық қызмет көрсетілуінің, қолжетімділіктің  сапасының  нашарлап кетуінің себебі болмауы керек, өйткені  бұл, ҚР-ның бекітілген Заңнамасы шеңберіндегі кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі негізінде ұсынылатын көмектің бар болуына байланысты; 
  • Емделушіге сыйлық беру немесе олардан арнайы сыйлық алу тіптен қажет емес, өйткені сыйлық алушы мен сыйлық беруші арасындағы келеңсіз ойлардың туындамауы үшін. Көрсетілген қызметке сыйлық берілуі немесе сыйлықтың қызметке айырбас ретінде қабылдануы қажет емес. Сыйлықты ақшалай  немесе бағалы сыйлық ретінде  алуға тиым салынады.
  • Емхана қызметкерінің қызмет бабын асыра пайдалануына және  мүліктік мәміле жасасуына, еңбегін жеке мақсатта қолдануына сонымен қатар, бопсалаушылықпен пара алушылықпен айналысуына құқы жоқ.
  • Емхана қызметкері емдеу кезінде қолданылған  дәрі-дәрмектің толыққанды емес, сенімсіз немесе ескірген ақпаратпен құлақтандыруға  және емделушіден бағасы төмен дәрілік заттар туралы ақпаратты жасыруға   құқы жоқ.
  • Емхана қызметкеріне дәрі-дәрмекті таратушы дайындаушы фирмалардан тарту-таралғы алуына және ол заттарды емхана аумағында пайдалануға тиым салынады.
  • Медициналық қызметкер өз жұмыс орнында әдетке айналып кететін теріс  дәрілік заттардан  қашық болып, тек  ұстамдылық пен сабырлылық танытуы қажет.  

 

Кәсіби тәуелсіздік

Емхананың  міндеті мен құқығына жататын нәрсе,  ол – емдеу әдісі кезінде   дұрыс таңдаудағы өзіндік кәсіби тәуелділікті сақтау. Арнайы тіркелген аумақ тұрғындарына медициналық және әлеуметтік көмек көрсету кезінде, емхана қызметкері толықтай барлық кәсіби шешімдердің жауапкершілігін өз  мойнына алады, сондықтан да кез-келген әкімшілік немесе емделушілер тарапынан болған қысымды қабылдамай тастауға міндетті. Емхана қызметкері  заңды және жеке тұлғалармен  бірлескен ынтымақтастық жасауына жол жоқ, егер ол ынтымақтастық, оның әдеп қағидалары, кәсіби антына және  ҚР-ның заңы мен заңнамасына қайшы іс-әрекеттерді талап ететін болса.

Сараптамалар мен  дәрігерлер кеңесінде, ақыл-кеңес кезінде емхана қызметкері өз ұстанымын анықты етіп, ашық түрде айта білуі және өз көз-қарасынан ауытқымайтын болуы қажет, ал егер оған қысым көрсетілетін жағдайда, қоғамдық және заңдық қорғауларға жүгінуіне болады.

 

 

 

 

III. БӨЛІМ ЕМХАНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН ЕМДЕЛУШІЛЕРДІҢ    ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

 

  1. Емделушінің ар-намысы мен қадір-қасиетін жоғары бағалау.

Емхана қызметкері емделушінің ар-намысы мен қадір-қасиетін бағалай білуі шарт және оларға және олардың жақындарына  шыдамдылық танытып, ықылас, ілтипатпен қарауы қажет.

Емделушілерге  адамгершілікке жатпайтын, дөрекі қылық көрсетуге және олардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне тиісіп кемсітіп, қорлауға денсаулық сақтау саласының мамандары тарапынан жол берілмеуі тиіс.

  1. Медициналық және әлеуметтік көмек көрсету шарты.

Емхана қызметкері қандай жағдайда болмасын медициналық және әлеуметтік көмек көрсетуі тиіс.

 

  1. Мүдделер жанжалы

Емделуші- қоғам, емделуші-отбасы тарапынан дау-жанжал қақтығыс туындаған жағдайда, емхана қызметкері емделушінің жағына шығуы қажет, егер олардың шешімдері өздеріне немесе қоршаған ортаға зиянын тигізбесе болғаны.

 

  1. Медициналық құпия.

Емделушінің медицина қызметкеріне сеніп тапсырылған ақпараттың құпияда болатынына  көзі жетуі тиіс.

Емхана қызметкері емделушінің  немесе оның заңды  өкілінің рұқсатынсыз медициналық  тексеріспен оның медициналық көмекке жүгінуінің нақты дәлелін ешкімге, ешқайда жария етуге құқы жоқ.

Емхана қызметкері медициналық  құпияның жария болып кетпеуіне байланысты шаралар қолдануы тиіс. Медициналық құпияны жария ету ҚР-ның заңнамасында көрсетілген жағдайларда ғана мүмкін бола алады.

  1. ШЖҚ МКК «Балалар стоматологиялық емханасы» медицина қызметкерлерінің   таңдауы.

Егер, емделуші емделу кезінде басқа маманға қаралатын болса, емхана қызметкері оған тосқауыл болуына құқысыз.

Емхана қызметкері емделушіні емдемей, оны  басқа маманға жіберу мына жағдайларда орын алуы мүмкін:

  • Өз біліктілігінің сәл жетіңкіремей тұрғанын сезген жағдайда;
  • Егер емделуші мен оның туыстары арасында емдеу мен анықтау жөніндегі қарама-қайшылықтар туындаған жағдайда.

ШЖҚ МКК «Балалар стоматологиялық емханасы» медицина  қызметкерлерінің қарым-қатынасы өзара түсіністік,сенім, мүдделер көзқарасын сақтау негізінде құрылуы тиіс. Емхана қызметкері өз әріптестерімен шыншыл, әділетті, тәртіпті болуы тиіс және олардың білімі мен тәжірибесіне құрметпен қарауы қажет, сонымен бірге өз білімі, тәжірибесімен  алмасуына дайын болуы қажет.

Басшылықтың  қызметкерлер арасындағы  моралдық құқы жоғары деңгейді, кәсіби біліктілікті, адамгершілікті  талап етеді. Әріптестер атына келіп түскен сын нақтылы және  тіл тигізіп, қорлаудан аулақ болуы қажет. Сынға әріптестің жеке басы емес, оның кәсіби іс-әрекеті жатады. Емхана қызметкері  өз әріптестері туралы емделушілер ме олардың туыстарының алдында жағымсыз сөздер айтуына құқы  жоқ.

  1. Емхана мейірбикесі өз жұмысын дәрігердің белгілегеніндей нақты және  білікті етіп орындауы тиіс. Мейірбикенің жоғары кәсібилігі – оның басты  моралдық, жолдастық, әріптестік  қарым-қатынасына байланысты болып келеді. Емхана мейірбикесі емдеуші дәрігердің емдік әдістеріне  күмәндана қарайтын болса, ол онда, ең алдымен өз дәрігерімен, ал одан кейін жоғары жақ басшылығымен  талқыға салуына болады.

 

 

 

  1.   БӨЛІМ  ӘДЕП ЕРЕЖЕЛЕРІНІҢ  ӘРЕКЕТ ЕТУ ШЕГІ

 

 

 

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЙТА ҚАРАУ ТӘРТІБІ

 

  1. Әдеп Кодексінің әрекет етуі

 Аталмыш Кодекс ШЖҚ МКК «Балалар стоматологиялық емханасы» медицина  қызметкерлерінің  шеңберінде ғана және емхана қызметкерлеріне  күші жүретін құжат.

  1. ШЖҚ МКК «Балалар стоматологиялық емханасы» медицина қызметкерлерінің кәсіби әдеп  жауапкершілігігінің бұзылуын сапаны басқару Қызметі  мен емхананың тәртіптік комиссиясымен  анықталады. Егер,  әдеби  норма бұзушылығы  құқықтық нормаға тиіп кететін жағдайда, қызметкерге  ҚР-ның заңнамасына сәйкес жауапкершілік жүктеледі.

 

  1. Әдеп ережелерін қайта қарау мен түсінік беру

Нақты ережелердің  жеке жағдайларын қайта қарау мен түсінік беру сапаны басқару Қызметі комиссиясымен  және кәсіподақ қызметкерлерінің ұсыныстары көмегімен жүзеге асырылады.