Миссия. Сау тіс – дені сау балалар, салауатты ел.

Басты міндетіміздің көрініс табуы

Қолжетімді  әрі сапалы стоматологиялық көмекпен қамтамассыз етілуі, алдын-алу  іс – шараларының  кешенді  ұйымдастырылуы мен өткізілуі және  де бала денсаулығын жақсартуға бағытталған  салауатты өмір салтын ұстануға арналған үгіттеулер мен  насихаттаулар.

 

Біздің басты құндылықтарымыз:

  • Кәсіпқойлық – өз білімімізді тұрақты түрде жақсартып отыруға деген ұмтылыс  пен емхана емделушілеріне медициналық көмек көрсетуде  ең жоғарғы деген нәтиже беретін жетістікке жете алатын тәжірибелік.
  • Адамгершілік – емделушілердің өмірлік ұстанымын жоғары қоя білу мен адамдық қасиетті бағалау.
  • Озат болу – әрбір  қызметкердің    сапалы  жұмыс атқаруға  деген талпынысы мен өз жұмысының ең  жоғарғы көрсеткішіне жету.
  • Алқаластық – ұжымда әлеуметтік – психологиялық жағымды жағдай туғызу: ұжымдағы шыншылдық,  әдептілік қағидалары негізінде әрекет ету.
  • Әріптестік – әріптестермен емханадағы емделу жөніндегі туындаған сұрақтар бойынша өзара сенімді де сыйлы  қарым – қатынас  құра білу.